È

«Балуан Шолақ» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Балуан Шолақ» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

Режиссер Нұргелді Садығұлов әйгілі балуан әрі ақын Нұрмағамбет Баймырзаұлы тағдырына арналған «Балуан Шолақ» фильмін түсіріп жатыр. Картина ҚР Мәдениет және спорт министрінің тапсырысы бойынша Алматы облысында орналасқан Жалаңаш ауылында түсірілуде. Фильм өндірісімен «Қазақфильм» киностудиясы айналысып жатыр.

Балуан Шолақтың образын экранда сомдау бақыты Еркебұлан Дайыровқа бұйырды. Белгілі болғандай, балуанның рөліне таласқандар көп болған екен.

«Басты рөлге көптеген танымал актерлар мен спортшылар үміткер болды. Бірі сырт бейнесі арқылы ұқсас болғанымен, мінезі мен ойнау жағынан сәйкес келмеді. Үміткерлердің арасында Еркебұлан барлық талаптарға сай болып шықты. Сондықтан, ұзақ ойланбай, Еркебұланды осы рөлге бекіттік. Негізінде, Балуан Шолақты сомдау оңай емес. Өйткені, оның даралығы бір бөлек қой: оның бойында нәзік шығармашылық қасиет пен физикалық күш астасып жатыр. Еркебұлан Дайыров осы қасиеттерді көрерменге көрсете алады»,-деді Нұргелді Садығұлов.

Сонымен қатар, жобаға қоюшы-оператор Ренат Қосай, дыбыс режиссері Мақпал Құрсабаева, қоюшы-суретші Еркін Сүлейменов, арт-продюсер Сәбит Әбдіхалықов атсалысуда.

Балуан Шолақ жайындағы алғашқы фильм түсірілімінің қалай өтіп жатқандығын арнайы фоторепортаждан тамашалаңыздар.

Суреттер: Тасқын Мырза Айқынұлы

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Арықбаев

Актер

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер