È

«Балуан Шолақ» өмірбаяндық фильмінің түсірілімі басталды

«Балуан Шолақ» өмірбаяндық фильмінің түсірілімі басталды. Қазақстан киносы

«Қазақфильм» киностудиясы «Балуан Шолақ» көркем фильмінің түсірілімін бастап кетті. Түсірілім Алматы облысында орналасқан Жалаңаш ауылында өтуде. Сонымен қатар, кинотаспа Ақмола мен Павлодар облыстарында түсірілмек.

«Балуан Шолақ» фильмі қазақ ақыны, композитор, балуан, халық арасында Балуан Шолақ деген атпен танымал Нұрмағамбет Баймұрзаұлының тағдыры мен шығармашылығын баяндайды. Картинада балуанның жастық шағы, сүйіктісі Ғалиямен кездесуі және спорттағы алғашқы жетістіктері көрсетіледі.

Өмірбаяндық таспаны режиссер Нұргелді Садығұлов түсіріп жатыр. Кинематографшы «Исабеков әлемі» деректі фильмі, «Абай» кинокезеңі, «Зұлмат» пен «Біздің аул - во!» ойнамалы картиналары арқылы танымал.

«Балуан Шолақ» фильмінен бейнесынамалар. Сурет: Маржан Кәріпжан

«Балуан Шолақ» картинасыны негізіне Дулат Исабековтың «Жау жүрек» пьесасы арқау болды. Автор қойылымды киносценарийге лайықтап жазды.

Айта кету керек, драматургтың туындыларының желісімен мынадай режиссерлар өздерінің фильмдерін түсірген: Шәріп Бейсембаев «Жұлдызыңды сақта» (1975), Асанәлі Әшімов «Дермене» (1986) және Дамир Манабай «Лотерея» (2012).

Басты кейіпкерді – атақты балуанды Еркебұлан Дайыров сомдайды. Актер көрермендерге «Шлагбаум», «Қазақ хандығы: Алмас қылыш», «Тараз» кинотаспалары арқылы таныс.

 

Превью: Маржан Кәріпжан

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер