È

«Гудбай, мой бай!» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Гудбай, мой бай!» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

22 қарашадан бастап Анвар Матжанов түсірген «Гудбай, мой бай!» комедиясы отандық айналымға шықты.

Ермектің әйелі енесімен тұрғысы келмейді, ал ер азамат анасын жалғыз қалдыруды қаламайды. Жұп бұл жағдайдан шығар жалғыз жол тапты, ол – ажырасу. Басы босаған кейіпкер өзі сияқты екінші жартыларымен тіл табыса алмаған еркектерді жолықтырады. Барлығы ең соңында өмірдің нағыз құндылықтарын түсіну үшін көптеген шытырманға толы оқиғалардан өтуі тиіс.

Фильмдегі басты рөлдерді Сәбит Рахымбаев, Нұргүл Алпысбаева, Азим Саидбаев, Даут Шайхысламов, Нұрдәулет Шертім сомдады.

Картина түсірілімі Алматыда 16 күннің ішінде түсірілді.

Продюсерлер Бағдат Қожахметов, Сәбит Рахымбаев және Даут Шайхысламов таспа өндірісіне 200 000 долларға жуық қаржы жұмсады.

Комедия сценаристері Сәбит Рахымбаев, Даут Шайхысламов және Азим Саидбаев болды.

«Гудбай, мой бай!» фильмінің түсірілімінің қалай өткенін фоторепортаждан көріңіздер.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер