È

«Инстаграмшыл қыз» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж. 2 бөлім

«Инстаграмшыл қыз» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж. 2 бөлім

Отандық айналымда басты рөлді Анар Батырхан сомдаған «Инстаграмшыл қыз» комедиясы жүріп жатыр. Картина режиссері - дебютант Арыстан Каунев.

Фильм сюжеті «Q-елі» скетчкомындағы хикаялардың біріне, яғни танымал блогер ainura_official әлеуметтік желінің кереметтері жайлы баяндайтын оқиғаға негізделген. Толықметражды нұсқасында бойжеткен Инстаграмдағы парақшасынан, жігіті мен достарынан айырылып қалады, дегенмен жарнама берушілерге қатысты жаңа мәселелерге тап болады. Айнұр шынайы өмірде тығырықтан қалай шығар екен, оны тек кинодан ғана білуге болады.

Анар Батырханмен бірге бір алаңда Айым Сейтметова, Қуат Садықов, Әбунасыр Серіков, Төлепберген Байсақалов, Шәріп Серік, Мақсат Мамраимов жұмыс істеді.

Алдыңғы жолы біз «Инстаграмшыл қыз» комедиясының түсірілімінен фоторепортаж ұсынған едік. Бұл жолы назарларыңызға бэкстейдждің екінші бөлімін ұсынамыз.

Еске салсақ, фильмнің ыңғайлы көрсетілім кестесін біздің афишамыздан таңдай аласыздар.

 

 

Фото: Ербол Қонаров

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер