È

«Келинка тоже человек» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж. 2-бөлім

 «Келинка тоже человек» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж. 2-бөлім

Төртінші апта қатарынан прокатта «Келинка тоже человек» отандық комедиясы жүріп жатыр. Ене мен келін арасындағы кикілжіңге құрылған оқиға көрерменге ұнағаны соншалық кассалық табыс жағынан голливудтыұ блокбастерлерге бой бермей, фильм алғашқы бестікте тұр.

Картинаны түсірген Асқар Ұзабаев, ол комедия түсірудің шебері, өйткені оны қоржынында «Гламур для дур», «Осторожно, корова!» секілді белгілі комедиялар бар. Продюсерлік еткен және басты рөлі ойнаған Әсел Сәдуақасова, ол бұған дейін «Замуж в 30», «Адель» фильмдеріне түскен еді.

Жалпы алғанда актерлер құрамы сәтті таңдалған. Ененің рөлінде театр және кино актрисасы Данагүл Темірсұлтанова, атасының рөлінде Әбунасыр Серіков, ол «Бизнес по-казахски» коммедиясында бой көрсеткен болатын, экранжағы күйеуді ойнаған Данияр Алшинов соңғы жарты жылда үш толық метрге түсіп үлгерген, ал қыздарын кішкентай жұлдыз Әмина Малғаждар ойнады, оның да кинода тәжірибесі бар.

Оқырман назарына «Келинка тоже человек» фильмінің түсірілімінен фоторепортаждың екінші бөлімін ұсынамыз.

Данагуль Темирсултанова

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

21 наурыз 2017, 21:52

На фото с превью, будто реальная семья прям.

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер