È

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

Қыркүйекте Нияз Әбдіғапардың «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің тұсаукесері өтті. Алғашқы аптада айналымнан картина 7 миллион теңгеден аса қаржы жинап, үздік бестіктің қатарынан табылды.

Басты рөлдерде жаңа образдарда танылған - Мұрат Бисенбин («Рэкетир») және Нұрлан Батыров («Super Той»). Экрандағы әйел кейіпкерлерді Мөлдір Мекенбай («Батырлар жолы») және Альбина Оганесян («Алимент төлеушілер LIVE»). Жағымсыз кейіпкерлерді Эдуард Тәбішев («Шиза») пен Әзиза Рыскелдиева сомдады.

Кинотаспа сюжеті бір-бірімен сыйыспайтын ағайынды Арман мен Арсен туралы баяндайды. Ауыр халдегі аналары балаларынан досының қыздарына үйленуін сұрайды. Азаматтар әзірге отбасын құрғысы келмейді. Бірақ әкелерінің қойған талабына сәйкес, ақыры үйленулеріне тура келеді.

Оқырмандар аталмыш фоторепортаждан «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильмінің түсірілімінің қалай өткенін көре алады.

Нұрлан Батыров

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса