È

«Мажорлар» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

«Мажорлар» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

Жуырда отандық айналымға «Мажорлар» фильмі шығады. Картина тағдырдың еркетотайлары, «алтын» жастардың өмірін баяндайды. Идея мен сценарий авторы әрі басты рөлдердің бірін сомдаушы Марсель Махмуди.

«Мажорлар» фильмінің басты кейіпкерлері – жастар Марсель, Даник және Бага. Бір қарағанда жігіттердің ортақ ештеңесі жоқ секілді. Бірақ, оларды байланыстыратын бір орта – жігіттердің ата-аналары ауқатты адамдар. Бірақ, бұл ғана емес. Көптеген жасөспірімдер секілді кейіпкерлер де жеке тұлға болып қалыптасу кезеңінен және өмірлік қағидаларын анықтау уақытынан өтеді.

Жастар драмасында тәжірибелі актерлармен қатар, дебютанттар да түсті. Олар - Айым Сейтметова, Әнуар Талғатов, Бахтияр Байсерік, Шер Әлі.

Қоюшы-режиссері - Жәнібек Ғұсманов. Бұл жоба оның дебютті толық метрі. Режиссер сценарийдің қосалқы авторы болып табылады. Фильмнің бас продюсері - Анар Рүстемова.

«Мажорлар» Алматыда 2016 жылдың мамыр-маусым аралығында түсірілді.

Түсірілімнің қалай өткенін, оған тағы да кімдердің қатысқанын арнайы фоторепортажымыздан тамашалаңыздар.

«Мажорлар» фильмінің түсірілімінен сурет, Сиви Махмуди мен Марсель Махмуди

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер