È

«Мажорлар» фильмінің трейлері

 «Мажорлар» фильмінің трейлері

Отандық айналымға шығуына бір ай қалғанда «Мажорлар» фильмінің трейлері жарық көрді. Картина еліміздегі «алтын» жастардың қалай өмір сүретінін көрсетпек.

«Мажорлар» кинотаспасы – дүниеге келгендерінен бастап байлықты, рахат өмірді көріп келе жатқан тағдырдың еркелері, үш дос туралы хикая. Бірақ, көптеген жасөспірімдер секілді бұлар да өмірлерінің қиындау кезеңдерін бастан кешеді. Өмірден өз орнын тауып, әрекеттеріне жауап беруді үйрену, тәуелсіз болу әркімнің қолынан келе бермейді. «Алтын» жастардың өкілдері, фильм кейіпкерлері қиындықтарды жеңе ала ма, есейе ме? Көрермендер оны 15-маусым күні біле алады.

Басты кейіпкерлерді Марсель Махмуди, Айым Сейтметова, Әнуар Талғатов және Бахтияр Байсерік сомдады. Сонымен қатар, түсірілімге Сиви Махмуди, Байғали Есенәлиев, Шер Әлі, Михаил Токарев және т.б. актерлар қатысты.

Режиссерлік жұмысты Жәнібек Ғұсманов өз қолына алды, ол тіпті сценарий жазуға да атсалысқан. Қосалқы авторлары Еркен Губашев, Марсель Махмуди және атқарушы продюсер Қымбат Кеңесбай. Жобаның бас продюсері - Анара Рүстемова.

Қазақстандық «Мажорларды» өткен жылдың мамыр айында түсірген. Ол кезде кинотаспа уақытша «Соль мажор» деп аталған болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер