È

Сиви Махмуди: ««Соқыр махаббат» фильмінің кейіпкері - рухы мықты қыз»

Сиви Махмуди: ««Соқыр махаббат» фильмінің кейіпкері - рухы мықты қыз». Қазақстандық кино

6 сәуір күні отандық кино саласы «Соқыр махаббат» атты тағы бір туындымен толықпақ. Фильм продюсерлері әрі басты рөлді сомдаушылар - шоу-бизнес өкілдері Сиви Махмуди мен Ренат Басит.

Сюжет бойынша кейіпкерлер Анель мен Арлан бір-біріне ғашық болады. Алайда, оларға махаббат үшін күресуге тура келеді. екеуі бірге болу үшін көптеген сынақтардан өтеді.

Сиви Махмуди кейіпкері Анель туралы және түсірілім кезіндегі қиындықтар жайында айтып берді:

«Фильм жақсы шыққан сияқты. Өйткені, картинаны жарыққа шығаруға өз ісінің нағыз мамандары Өзбекстан режиссері Данияр Саид пен мықты сценаристер мен актерлар атсалысты. Түсірілім кезінде түрлі қиындықтарға тап болдық. Әрине, енді онсыз болмайды ғой. Маған берілген рөл біраз күрделілеу болды. Кейіпкерім Анель – ата-анасы мен қос жанарынан айырылса да, өмірге деген құлшынысын жоғалтпаған рухы мықты қыз. Образға ену маған оңай болмады, дегенмен барынша тырыстым. Түсірілім басталмай тұрып, көзі көрмейтін жандармен әңгімелесіп, олардың қимыл-қозғалысы мен әдеттерін бақыладым. Осылардың барлығы рөлімді дұрыс ойнап шығуыма септігін тигізді. Ең маңыздысы – өз еңбегіңнің жемісін көру. Көрермен риза болса, бұл мен үшін үлкен бақыт»,- деп өз пікірімен бөлісті актриса.

Фильм өткен жылдың көктем айында бастау алып, Алматы қаласы мен Алматы облыстарында түсірілді. Картинаға продюсер Айдар Баталов, актерлер Серікбол Сайлаубек, Жан Байжанбаев, актриса Марина Сулейменова, т.б. атсалысты.

«Соқыр махаббат» картинасында сахналық экшн жанры бар, сол үшін арнайы Nomad Stunts каскадерлік тобы шақырылған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

6 апреля 2017, 13:43

Сиви Махмуди и Ренат Басит отлично смотряться вместе

Таныс бейне

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер