«Тіркеуші» фильмінің түсірілімінен фоторепортаж

Наурыз мерекесі қарсаңында Мейірхан Шерниязов, Медет Аманбаев және Мейіржан Төребаев түсірген «Тіркеуші» комедиясы айналымға шықты. Бұл топ көрермендерге танымал «Патруль» хикаясын ұсынған болатын. Сондай-ақ, сценаристер басты рөлдерді сомдап, комедияға режиссерлік етті.
Фильм сюжеті бай кәсіпкердің көлік жүргізушісі болып, жаңадан жұмысқа орналасқан Ержан жайлы баяндайды. Ол жұмыстың алғашқы күні-ақ достарын жеткізіп салуды ұйғарады да, нәтижесінде жайсыз оқиғаларға тап болады, барлық әрекеттер көліктің тіркеушісіне түсіп қалады.
Бір қызығы, авторлар сценарийді бір аптаның ішінде жазып, түсірілімге 9 күн ғана кетірген.
«Тіркеуші» фильмі туралы пікірді мына жерден оқи аласыздар.
Ал ерекше комедия түсірілімінің қалай өткенін біздің фоторепортажымыздан көріңіздер.
.jpg)








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін