È

«Абзал жан» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

«Абзал жан» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

15 қыркүйек күні «Хабар» телеарнасының күзгі маусымында «Абзал жан» атты жаңа хикая көрсетіледі. Жобаның режиссері - Серікбол Өтепбергенов, ол бұрын «Жас Ұлан», «Болашақ» және «Айналайын» хикаяларын түсірген болатын. Драма ТМД елдерінің көрермендері арасында танымал болған «Женский доктор» атты белгілі ресей-украиналық хикаяның бейімдеуі болып келеді.

«Абзал жан» хикаясындағы басты кейіпкер – жас әрі келешегінен зор үміт күттіретін дәрігер Абзал Смағұлов. Кейіпкер астанада жұмыс істеп келіп, туған қаласына оралады. Оның қайта оралуына басты себеп – жеке өміріндегі қиындықтар мен шешімін таппаған мәселелер. Кейіпкер жұмысы туралы ұмытуға тырысады, бірақ УДЗ дәрігері Әйгерім Ысқақоваға ғашық болып қалады. Мұның арты немен аяқталады екен?

Хикаяда Қажымұқан Қалымбетов, Ербол Садырбаев, Ақмарал Дайрабаева және Қазбек Аташ ойнайды. Қоюшы-операторы - Саят Жанғазинов. Қоюшы-суретшісі - Нәзира Байбекова. Көпсериялы таспасын «Бірінші шығармашылық бірлестік» компаниясы өндірді.

Хикая жаз бойы түсірілді. Картина 32 бөлімнен тұрады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер