È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан киносы
  • «Абзал жан» хикаясының түсірілімі арнайы павильонда өтіп жатыр

«Абзал жан» хикаясының түсірілімі арнайы павильонда өтіп жатыр

  • 14 Тамыз, 2017
  • Мадина
  • 1 501
  • 0
«Абзал жан» хикаясының түсірілімі арнайы павильонда өтіп жатыр. Қазақстан киносы

Алматыда әйел дәрігері туралы «Абзал жан» хикаясының түсірілімі жалғасуда. Көпсериялы фильм бір айдай уақыт салынған арнайы павильонда түсіріліп жатыр. Оның декорациясымен қоюшы-суретші Назира Байбекованың жетекшілігіндегі кәсіби топ айналысты.

«Шынайы аурухана мекемелерінде түсіру мүмкін емес. Сондықтан, алғашында-ақ декорацияны өзіміз құрамыз деп шештік. Қысқа уақыттың ішінде ауруханаға ұқсас болып келетін ескі мектептің ғимаратын тауып алдық. Айтарлықтай өзгерту енгізе қоймадық: қабырға аралық терезелерді ғана орнаттық. Декорацияларды құру мен қажетті элементтерді таңдау оңай жұмыс емес. Ал бүкіл аурухананы жабдықтармен қамтамасыз ету тіпті қиын. Қажетті медициналық жабдықтарды барлық жерлерден іздедік. Ауруханалардан, ғаламтордан, қоймалардан кей заттарды жалға, кейбірін сатып алдық. Негізі, түсірілім тобы тізімнен шығып қалған техниканы пайдаланып отырды, сондықтан оларды бұрынғы қалпына қайта келтіруге тура келді»,-деді Назира Байбекова.

«Абзал жан» хикаясындағы оқиға қалалық аурухананың біріндегі босану бөлімінде өрбиді. Ол жақта дәрігер Абзал Смағұлов әріптестерімен бірге болашақ аналар мен сәбилердің денсаулығы үшін күреседі.

Түсірілім кезінде жаңа туған сәбилердің орнына резіңке қуыршақтар пайдаланылды. Авторлар оның айырмашылығын көрермендердің байқай да алмай қалатынын айтады. Себебі, қуыршақтар шынайы сәбилерге ұқсайды.

«Біз резіңкеден балалардың бейнесін жасайтын отандық және шетелдік гримерларды іздедік. Бірақ, қажетті маман таппағандықтан, бірнеше мүсіндерге интернет-дүкен арқылы тапсырыс бердік. Оларды бір айдан астам уақыт күтуге тура келді. Дегенмен, тапсырыстарымыз күтуге тұрарлықтай екен, себебі қуыршақтар силиконнан жасалғандықтан тірі сәбилерге қатты ұқсайды. Негізі, түсірілімдерге кәдімгі тірі сәбилерді пайдалану өте қауіпті, өйткені жұмыс ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Кішкентай бала үшін бұл стресс болып табылады. Сондай-ақ, көптеген ата-аналар келісімдерін бермейді»,-деп түсіндірді қоюшы-суретші.

Түсірілімге барлығы 11 бөлме, кіре беріс және асхана пайдаланылды.

«Абзал жан» хикаясын «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша режиссер Серікбол Өтепбергенов түсіріп жатыр. Мелодрама эфирге күзде шығады. Көрермендерге барлығы 32 бөлім ұсынылмақ.

 

Суреттерді «Хабар» телеарнасы ұсынды

  • 14 Тамыз, 2017
  • Мадина
  • 1 501
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасы

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Казахстанское кино

25 Мамыр, 2023

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті рейдерлікпен басып алу туралы толықметражды «ГОК» фильмі толыққанды прокатқа шықты

В кинотеатрах с 25 мая

Brod.kz

Казахстанское кино

31 Тамыз, 2022

VII BAIQONYR ISFF қазылар алқасымен танысу

Ұлттық конкурс

Brod.kz

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама