È

Продюсер Николай Пак «Абзал жан» хикаясының өндірісі туралы айтып берді

Продюсер Николай Пак «Абзал жан» хикаясының өндірісі туралы айтып берді. Қазақстан киносы

Алматыда «Абзал жан» хикаясының түсірілімі жалғасып жатыр, оның өндірісімен «Хабар» телеарнасының тапсырысы бойынша «Бірінші шығармашылық бірлестік» компаниясы айналысуда. Көпсериялы жоба жайында толығырақ компанияның директоры әрі продюсері Николай Пак айтып берді.

«Абзал жан» ТМД елдерінің аумағында табысты болған ресейлік «Әйел дәрігері» хикаясының франшизасы болып табылады. Оның құқығы «UA Group» украин компаниясына тесілі. Компания украиндық, ресейлік және қазақстандық теленарыққа бағытталған контенттерді өндірумен айналысады. Бұл жобаны Қазақстанда жасау идеясы «Хабар» телеарнасына тиесілі, олар кейіннен жұмысқа «Бірінші шығармашылық бірлестік» компаниясын да шақырды. Франшиза жұмысы 2017 жылдың басында басталды. Түсірілім тобы Киевке барып, картинаның түсірілім алаңында болып қайтты, суретшілерімен әңгімелесті. Фильмнің негізгі идеясы – өлімді және жаңа өмірді күнде көретін ақ халатты абзал жандардың өмірін көрсету»,-деп түсіндірді продюсер.

«Абзал жан» хикаясының актерлері

Суреттер «Абзал жан» хикаясының Instagram-дағы ресми парақшасынан алынды

Хикаядағы оқиға қалалық ауруханадағы дәрігер Абзал Смағұлов жұмыс істейтін босану бөлімінде өрбиді. Азамат әріптестерімен бірге болашақ аналардың өмірі мен сәбилердің денсаулығы үшін күреседі. Көпсериялы фильмге Қажымұқан Қалымбетов, Ербол Садырбаев, Қазбек Аташ, Ақмарал Дайрабаева және Азат Сейтметов қатысады. Жобаға барлығы 250 актер түскен.

Хикаяның режиссері - Серікбол Өтепбергенов, қоюшы-операторы - Саят Жанғазинов және суретші-қоюшы - Нәзира Байбекова.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист