È

«Көне жетігеннің сыры» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

«Көне жетігеннің сыры» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

«Хабар» телеарнасының эфирінен «Көне жетігеннің сыры» хикаясы көрсетіліп жатыр. Көпбөлімді драманың режиссері – Нұрридин Патеев, қоюшы-операторы - Фурхат Сайпов.

Шытырман оқиғалы тарихи драманың сюжеті Самал есімді студент жайлы баяндайды, ол жетіген музыкалық аспабы туралы курстық жұмыс жазады. Бірге оқитын құрбысы Қазығұрт асуында асықсыз көне аспаптың табылғанын, қазір мұражайға берілгенін хабарлап, сол затты зерттеп көруін ұсынады. Балалар достарымен бірге Қазақстанның тарихи орындарында жатқан жұмбақ асықтарды іздеуге аттанады. Олар дүниені тапқан соң, ғажайып оқиғалардың куәсі болады.

Рөлдерді Карина Жұмалиева, Айдар Ерланұлы, Бақдәулет Шәріпханұлы, Ерсін Аманғалиев, Ғалым Дүйсенбиев, Жанар Тұмар, Айжан Алтынбек, Мырзабай Шабданов сомдады.

Сондай-ақ, түсірілім тобының құрамында сценаристер Бақытжан Құлжабай және Батырхан Дәуренбеков, композитор Руслан Шынықұлов, көркемдік жетекші Нұрғали Ораз болды.

«Көне жетігеннің сыры» шытырман оқиғалы хикаясының түсірілімінен фоторепортажды галереядан көруге болады.

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Сергей Червяков

Актер

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер