È

«Тайталас» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

"Тайталас» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

"Хабар" арнасы "Тайталас" телехикаясының көрсетілімін аяқтады. Көпсериялы фильм режиссер әрі сценарист Ахат Ибраевтің («Жақсы адам», «Мозготрясы» хикаялары) үш жылдық үзілістен кейінгі бірінші жобасы болды. Сондай-ақ, картинаға сценаристер Төлеген Байтөкенов пен Инна Мукочи өз үлестерін қосты.

Телехикаядағы оқиға жас боксшы Қуаныштың өмірімен байланысты. Спорт саласында үлкен жетістіктерге ұмтылған бозбалаға түрлі сынақтардан өтуіне тура келеді. Кейіпкерді туыстары мен жақындары қолдап отырады.

Режиссердің айтуы бойынша, картинаның басты мақсаты әке мен бала арасындағы қарым-қатынас пен ер азаматтың психологиясы қалай дамитынын көрсету болды.

Басты рөлді Аян Өтепберген сомдады. Хикаяның түсірілімі алдында актер екі апта бойы Nomad stunts каскадерлерінің дайындығынан өткен. Сонымен қатар, хикаяда Ерік Жолжақсынов, Шәріп Серік, Мадина Есман және басқалары төбе көрсетті.

«Тайталас» хикаясы 2016 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін түсірілген. Түсірілімнің қалай өткенін арнайы фоторепортаждан көріңіздер.

Байкенже Бельбаев

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер