«Телепорт 2» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

«НТК» телеарнасынан режиссер Қанағат Мұстафиннің «Телепорт» атты көпбөлімді фильмінің екінші маусымы көрсетіліп жатыр. Жобаның продюсері Алмас Әлімжан болды.
Картинадағы оқиға ерке қыз Айнұрдың айналасында өрбиді, ол тылсым жағдайлардың бөлігі атанады. Бойжеткен күндіз алаңсыз өмір сүреді, ал түнде орта ғасырға тап болып, монғол елшілерін Қайырханның дарға асуынан құтқаруға тырысады.
Басты рөлдерді Жазира Еркін, Болат Әбділманов, Мирас Исаев, Дастен Шәкіров сомдады.
Сонымен қатар, жобамен Фархат Әбдірайымов, Гүлшат Тұтова, Жанель Серғазина, Бақыт Тушаев, Бақытжан Әлпейісов, Аида Жантілеуова, Константин Козлов, Шынар Жанысбекова айналысты.
Хикая 25 күннің ішінде Алматы облысында түсірілді.
Екінші маусымның алғашқы бөлімін көрермендер жылы қабылдады, ал қазір назарларыңызға «Телепорт 2» түсірілімінен фоторепортаж ұсынамыз.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін