È

«Өз үйім» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

«Өз үйім» хикаясының түсірілімінен фоторепортаж

Наурыз айының соңында «Хабар» телеарнасының эфирінен басты рөлдерді Аиша мен Бүркіт (Айбек Жансейітов және Виктория Садықова), Арман Қоңырбаев пен Аша Матай, Жанболат пен Жазира дуэті, сондай-ақ, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер секілді нағыз отбасылық жұптар сомдаған «Өз үйім» хикаясының көрсетілімі басталған болатын.

Көпбөлімді фильмнің сюжеті үш ұлының екеуі үйленген Құдайбергеновтер отбасы жайлы баяндайды. Барлық бауырлары ата-аналарымен бірге бір шаңырақ астында тұрады. Енді, міне, кіші ұлы үйленуге шешім қабылдайды, ал оның қалыңдығы қалыптасқан отбасылық қағидаларға бағынғысы келмей, оны өзгертуге тырысады.

Хикаяның продюсері ретінде Әнуар Мәтжанов жұмыс істеді.

«Өз үйім» жұлдызды тележобасы түсірілімінің қалай өткенін біздің фоторепортаждан көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер