È

«Хабар» «Өз үйім» комедиялық хикаясын көрсетеді

«Хабар» «Өз үйім» комедиялық хикаясын көрсетеді

Бүгін, 28 наурыз күні «Хабар» телеарнасында «Өз үйім» хикаясының көрсетілімі басталады. Көпбөлімді таспаға Аиша мен Бүркіт, Арман Қоңырбаев пен Аша Матай, Жанболат пен Жазира сынды танымал жұлдызды жұптар түсті.

«Өз үйім» хикаясындағы оқиғалар Құдайбергеновтер отбасының айналасында өрбиді. Отбасының басшысы – демалысқа шыққан генерал, үш ұл баланы тәрбиелеген. Екі ұлы үйленген және жұбайларымен бірге әкесінің үйінде тұрады. Бірақ, Құдайбергеновтердің тыныш та бейбіт өмірі кіші ұлдары үйленуге шешім қабылдағаннан бастап өзгереді. Жаңа келін қалыптасқан отбасылық қағидаларды өзгертуге тырысады.

Үлкен ағасы мен оның әйелін Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыров, ортаншы ағасы мен оның жұбайын – Бүркіт пен Аиша (Айбек Жансейітов пен Виктория Садықова) сомдайды. Кіші баласы мен оның қалыңдығының рөлін Арман Қоңырбаев пен Аша Матай (Ақбота Асқарбекова) ойнайды. Әкесі мен анасын экранда өмірдегі шынайы жұп, еліміздің Еңбек сіңірген әртістері Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер сомдады.

Комедиялық хикаяның түсірілімі былтырғы жылдың күзінде өтті. Фильмнің режиссері - Әнуар Мәтжанов. Сценарийді Марат Оралғазин және Рүстем Омаров жазды.

«Өз үйім» жұмыс күндері сағат 16:30-да көрсетіледі.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер