È

«Әділдік оқтары» трэш-хикаясы түсірілімінен фоторепортаж

«Әділдік оқтары» трэш-хикаясы түсірілімінен фоторепортаж

Биылғы жылдың ақпан айында Тимур Тұрысбеков режиссер Валерий Милевпен бірге «Әділдік оқтары» трэш-хикаясын таныстырған болатын. Авторлардың айтуынша, жақын арада сынамалы нұсқасы жарыққа шығады.

«Әділдік оқтары» хикаясында Үшінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі оқиға баяндалады. Соғыс кезінде Америка билігі «Әскери бекон» атты операцияны іске қосады. Бұл операцияның аясында адамдарды шошқалармен будандастырған. Ендігі кезекте әлем адамдар мен қатігез шошқалар болып екі лагерьге бөлінді. Адамдарға билікті қайтару үшін мутанттар әскерімен соғысуға аңшы Роб Джастис кіріседі.

Хикаяның сынамалы нұсқасы 2016 жылдың қарашасында Болгарияда түсірілген. Оған танымал актерлар Дэнни Трехо («Күнбатыстан күншығысқа дейін»), Яна Маринова және Роб Джастис рөліндегі Тимур Тұрысбаев қатысты.

Фильм түсірілімінің қалай өткенін, авторлардың немен таң қалдыратынын арнайы фоторепортаждан көріңіздер.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер