È

«Ральф ғаламторға қарсы» мультфильмінің кейіпкерлері қазақша сөйледі

«Ральф ғаламторға қарсы» мультфильмінің кейіпкерлері қазақша сөйледі

6 жылдан кейін Disney студиясының «Ральф» мультфильмінің жалғасы айналымға шықты. Анимацияның режиссері бірінші бөлімдегідей, Рич Мур болды.

«Тәтті форсаж» ойыны өшуге шақ қалды. Кішкентай жарысушылардың үйін құтқару үшін Ральф пен Ванилопа ғаламтор кеңістігіне жол тартады. Олар сол жақтан жаңа достарын жолықтырып, бүкіләлемдік желінің шексіз әлеміне сүңгіп кетеді. Кейіпкерлер достыққа сыналып, өз армандарын табуға тырысады.

«Ральф ғаламторға қарсы» картинасының дубляжын «Болашақ» корпоративті қоры жасады. Ванилопа фон Кекске Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Инабат Әбенова өз дауысын сыйлады, бұл жоба оның анимация дыбыстауындағы дебюті болды.

Инабат Әбенованың жеке Instagram парақшасынан
Инабат Әбенованың жеке Instagram парақшасынан

Актриса әдеттегі нәзік қыздың образынан алшақтап, әрдайым мінезді қыздың рөлін сомдауды армандағанын жасырмады.

«Ванилопа образын ашу үшін мультфильмнің бірінші бөлімін бірнеше рет көріп шықтым. Екеуіміз екі түрліміз, ол басқа ханшайымдарға ұқсамайды және әрдайым ойынан келгенін тіке айтады. Мен үшін дыбыстау үлкен тәжірибе болды. Мен сонымен бірге қуандым, жыладым, эмоциямды өзгерттім – мұның барлығы оңай болмады», - деді Инабат.

Дубляждың режиссерлігімен Шах-Мұрат Ордабаев айналысты. Ральф рөлін Жәнібек Мұсаев дыбыстады.

Спамли кейіпкері Спамбай атына өзгертілді, ал Ванилопа фон Кекс ханшайым Ванилопа фон Шекер деп аталады.

Дубляждың бюджеті 100 000 долларға жуық болды.

«Ральф ғаламторға қарсы» қазақ тілінде үлкен экраннан жүріп жатыр. Көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан таңдауға болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер