È

Гевонд Андреасян: «Өз кейіпкерлерімізді жасайтын уақыт жетті»

Гевонд Андреасян: «Өз кейіпкерлерімізді жасайтын уақыт жетті»

Алматыда «Защитники» фильмінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға киножобаның продюсері Гевонд Андреасян және актерлер Санжар Мәди, Алина Ланина, Антон Пампушный мен Себастьян Сисак Григорян қатысты.

«Ең бастысы фильм шын жүректен шыққан. Әрине, бізде кинотеарлық бизнесті дамытуға жол ашқан америкалық киноға алғыс айтамыз. Алайда енді өз кейіпкерлерімізді жасайтын уақыт жетті. Кинокартинаның идеясы ұзақ жылдар бойы ойда пісіп, жетілді. Неден бастайтынымызды білмей, ұзақ уақыт ойландық, нәтижесінде Кеңес одағына кірген ұлттарды негізге алуды ұйғардық. «Защитники» - біздің бауыр, дос екенімізді айтатын кино тілі. Қазіргі кезде картинаның екінші бөлімі жазылып жатыр, онда алғашқы бөлімде жіберілген кемшіліктер ескеріледі. Бізге көрермен көмектессе екен, супер батырларды жасауға атсалысса екен дейміз»,- дейді фильмнің продюсері Гевонд Андреасян.

«Защитники» фильмі - кеңестік супербатырлар туралы оқиға, режиссеры Сарик Андреасян. Сюжетте ерекше қабілетті адамдар тек Мәскеуді ғана емес, әлемді құтқарады.

«Экранда көрерменге көрсетілетін төбелес пен трюктарды дайындау үшін бір айдан астам уақыт кетті. Біз фильмі жоғары деңгейде түсіруге тырыстық, батыстың ережесі мен заңдарына сай түсірілген өз оқиғамыз шықты. Фильм көрерменнің көңілінен шығады деп үміттенемін. Осындай ірі киножобаға өз елімнің, ұлтымның атынан қатысу мен үшін үлкен мәртебе», - дейді Санжар Мади.

«Защитников» төрт ай бойы түсірілді: 2015 жылдың наурызынан шілдеге дейін. Төбелес көріністерін жасауға актерлерге кәсіби каскадерлер мен жекпе-жек өнерінің шеберлері көмектесті.

«90% трюктерді кадрда мен орындадым, қалғанын дублер орындады. негізінде барлық партитураны білдім. Бірақ түсірілім барысында режиссер мен продюсерлер менің денсаулығыма қауіп төндірмеу үшін бірнеше трюктерді каскадерлерге тапсырды. Дайындық кезінде жігіттерге оңай болған жоқ. қаншалықты қатты ұрсам, көрініс соншалықты шынайы шығатындай көрінді маған. Сондықтан Санжар мен Себастьян дайынлдықтан менен таяқ жеп кететін», - дейді актриса Алина Ланина.

Блокбастерді түсіруге авторлар 380 миллион рубль жұмсаған, бұл дегеніміз 6 миллион долларға сәл жетпейді.

«Защитники» прокатқа 23 ақпанда шығады, ал 21 күні осы аттас комикс шығады.

Алина Ланина и Санжар Мади

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

20 февраля 2017, 21:02

Вот зачем создавать героев, ведь человек превращающийся в медведя это лишь подражание западным кинокомиксам. Пусть лучше про настоящих героев снимают, как недавний фильм "Землетресение" того же Андреасяна

Таныс бейне

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер