GGG үлкен экранда
Жақында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үлкен киноға қатысты жоспарлармен бөлісті. Министрлік Тимур Бекмамбетовпен бірлесіп Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсірмек. Алайда режиссер әзірге өзінің келісімін берген жоқ.

Геннадий Головкин
WBC белдігінің иегері, 35 кездесу өткізіп, оның 35-інде жеңіске жеткен Геннадий Головкин әлемдік кинематограф өкілдерінің қызығушылығына ие.. Америкалық веб-сайт The Undisputed Champion Network (UCN) спортшы туралы «Непобежденный» («Undefeated») деп аталатын екі қысқа метр түсіріп үлгерген. Бұған дейін SUPERB FILMS CORPORATION LIMITED британдық кинокомпаниясы GGG-ді Рокки Бальбоның прототипі ретінде түсіруге ниет білдірген.
Тақырып бойынша:






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін