«Гламур для дур» - прокат көшбасшысы
Прокатта көш бастап тұрған Disney-дің «Моана» анимациялық лентасы. «Холодное сердце», «Зверополис» фильмдерін түсірушілерден тағы бір әсерлі фильм 435 433 250 теңге табыс тапты. Америкалық прокатта «Моана» 55,5 миллион доллар пайда түсірген. Мультфильмнің қоржынында барлығы 81,8 миллион доллар. Алайда анимация алдыңғы «Холодное сердце» мультфильміне жете алмады, ол алғашқы аптада-ақ 93,6 миллион тауып үлгерген.
үшінші апта қатарынан көшбасшылар тізімінде тұрған – «Фантастические твари и где они обитают». Жаңа франшиза 120 161 650 теңге пайда әкеле алды. АҚШ-та картина 45,1 миллион доллар табыс тапқан. Қоюшы-суретші Стюарт Крейгке 20-30 жылдардағы Нью-Йоркты жасау қиянға соққан тәрізді. Қазір мегаполисте ескі ғимараттар жоқтың қасы. Сондықтан Нью-Йорк киностудия алаңында жасалып, бірнеше секцияға бөлінген.
«По соображениям совести» фильмінің табысы 54 756 300 теңге. Америкалық прокатта Мел Гибсонның картинасы 5,5 миллион доллар жинаған. Фильмнің ерекше музыкасын Руперт Грегсон-Уильямс жазды. О баста саундтрекпен Джеймс Хорнер (ол Мел Гибсонның «Человек без лица», «Апокалипто» және «Храброе сердце») айналысады делінген еді, адайда компазитордың мезгілсіз қазасына орай жоспар жүзеге аспады.

«Фантастические твари и где они обитают» фильмінен кадр
«28 панфиловцев» халықтық киносы отандастарымыздың қалтасынан 52 234 600 теңгені қағып алды. Шайқас көріністері шынайы болу үшін арнайы неміс танкасы мен оның қозғалсының құрылымы да жасалыпты.Бұл макетті жасауға Gaijin Entertainment киностудиясы атсалысқан.Фильмді түсіруге краудфандинг әдісімен 30 миллион рубль жиналған және тағы осында қаржыны ҚР және РФ Мәдениет министрліктері бөлді.
Тұсаукесерлік апта «Гламур для дур» комедиясы үшін жаман болған жоқ. 567 cinema компаниясының алғашқы жеке меншік жобасы 38 605 260 теңге табыс тауып үлгерді. Картина режиссеры - Асқар Ұзабаев, ол бұған дейін коммерциялық табысты «Ғашық жүрек» және «Абайлаңыз, сиыр!» комедияларын түсірген болатын. Фильмде KeshYou тобының әншісі Ақбота-Нұр Сейтмағамбет пен тележүргізуші Әсел Ақбарова дебю жасады.
Роберт Земекистің «Союзники» фильмі 26 938 860 теңге табыс әкелді. Бірақ тыңшылық роман америкалық прокатта небәрі 13 миллион долларды қанағат еткен еді. «Союзники» - Брэд Питт қатысқан төртінші фильм, мұндағы оқиға Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде болған(«Бесславные ублюдки», «Вне границ» және «Ярость»). Актриса Марион Котийяр бұған дейін Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы «Лиза» (2001) фильмінде ойнаған. Сценарист Стивен Найттың айтуынша, жалдап алынған екеудің басынан өткен, өмірде болған оқиға. Олар бір-біріне ғашық болып қалады.

«28 панфиловцев» фильмінен кадр
«Другой мир: Войны крови» фантастикалық атыс-шабыс фильмі 26 923 940 теңге қорджынға түсірді. О баста фильм «Другой мир: Новое поколение» деп аталған. Франшизаның қайта шығарылымы болады деп жоспарланған. Кейіннен көрермендң батыл Селин атты батыр қыз туралы картина сериясынан ұсынылатын фильмнің күтіп тұрғаны белгілі болды.
Табыстары 20 миллион теңгеге жетпегендер: «Землетрясение» - 15 022 720 теңге, «Плохой Санта 2» - 9 627 950 теңге, «Хакер» - 6 906 000 теңге.
Аутсайдер – Нұрлан Мамакеевтің «Три лимона» фильмі - 8 000 тенге.
*Материал Rentrak және Ticketon.kz жүйесінің деректері бойынша әзірленді.
Қазақстанда Rentrak Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісіне қосылған.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін