«Мемлекет басшысы»
3 маусымда отандық арналарда президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Мемлекет басшысы» атты жаңа деректі фильм көрсетіледі. Картина авторы - журналист Ярослав Красиенко. Фильмді түсіру туралы идея өткен жылдың соңында келген болатын.
«Болашақ картинаның алғашқы сұлбасын Президенттің баспасөз қызмештішісі, кеңесшісі Дәурен Абаев жасады. көптеген адамдар Нұрсұлтан назарбаевты қателеспейтін, эмоцияға берілмейтін, адами сезімдерді сезінбейтін қол мүсін секілді көргісі келеді. Ал ең бастысы, ең маңңыздысы адамға тін қасиеті емес пе? Біз мемлекет басышысы туралы фильм түсіргенде осыған баса назар аудардық»,- дейді Ярослав Красиенко.
Президент туралы картиналардың көптігіне қарамастан авторлар қазақстандықтардың тағы да жаңалықтар күтетініне сенімді. 
Фильмнің «асханасы» ҚР президентінің терерадиокешені. Түсірілім тобын жасақтаған ТРК жетекшісі Ерлан Бекхожин. бұрын ешқай жерде көрсетілмеген қызықты кадрларды іздестіруде авторлар көптеген мұрағатты, жеке бейнемұрағатты ақтарды. Тоқсныншы жылдардағы қиындықтарды көрсету үшін жазбалар бүкіл ел бойынша іздестірілді. Фильмді қызықты ететін ерекшелік, Нұрсұлтан назарбаевтың дін туралы, отбасы мен Қазақстанның болашағы туралы ойларымен бөліскен эксклюзивті сұқбаты.
«Еңбегіміз бекер болған жоқ, көрерменді таңғалдыратын тамаша «картиналарды» таңдап алдық. Меніңше, фильм пафосты емес, адами, лирикалық болып шықты, «Мемлекет басышысы» деген атауды толықтай аша алды деп ойлаймыз»,- дейді журналист.
Тұсаукесер 3 шілдеде «Хабар» және «КТК» арналарында көрсетіледі.
Әйгерім Қасқыр
Таұқырып бойынша:







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін