È

«Самғау - 2018» кинофестивалінің бас жүлдесі 500 мың теңгені құрайды

«Самғау - 2018» кинофестивалінің бас жүлдесі 500 мың теңгені құрайды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Жастар ресурсты орталығы «Самғау – 2018» екінші жас режиссерлар кинофестивалінің басталатынын хабарлады. Астананың 20 жылдығына арналған кинокөрсетілім 5 шілде күні Шымкентте өтеді.

«Самғау - 2018» кинофестивалі Оңтүстік Қазақстан облысындағы режиссерлар арасында өткізіледі, мақсаты – жас дарындыларды қолдау және дамыту, өскелең ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастырып, киномәдениетке деген қызығушылығын арттыру. Байқауға 14 жастан бастап, 29 жасқа дейінгі жандар және жас киностудиялар қатыса алады. Қатысушылардың фильмдерінде әлеуметтік желілердің зияны мен пайдасы, Астанаға – 20 жыл, «Рухани жанғыру» бағдарламасы, патриотизм, спорт, отбасылық құндылықтар, әлеуметтік мәселелер және тағы басқа да өзекті тақырыптар қозғалуы тиіс. Жұмыстардың ұзақтығы 15 минуттан аспауы керек.

Гран-при жеңімпазы 500 теңгеге ие болады, ал 1, 2 және 3 орын алғандарға 400, 300 және 200 мың теңге ұсынылады. «Үздік актер» мен «Үздік актриса» аталымдарында жеңіске жеткендер 100 мың теңгеге ие болады. Ынталандыру сыйлығы ретінде кейбір қатысушыларға ноутбуктер сыйланады.

Өтініштерді және қысқаметражды фильмдерді қабылдау www.zhaslife.kz сайты арқылы 1 шілдеге дейін жалғасады. Байқау жұмыстарын көрсету мен салтанатты марапаттау рәсімі 5 шілде күні ОҚО Жастар ресурсты орталығында өтеді.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер