«Допинг» деп аталатын спорттық деректі фильм әзірленуде
Спортшылардың құқығын қорғау Халықаралық қорының басшысы Питер Берман спортшылар үшін шектеу қойылған препараттар жайлы «Допинг» деп аталатын екінші фильмін түсірмек. Алғашқы деректі картина «Astana-Team. Погоня за лидером» 2009 жылы шыққан, бұл фильм велоспорттағы допинг мәселесі мен үздік велошабанжоз Александр Винокуровтың спорттағы жолы туралы болатын.
«Допинг жайлы алғашқы фильм «Astana-Team» Александр Винокуровқа және 2007 жылы болған допинг төңірегіндегі дауға анналды. Екінші фильм бүгінгі күннің картинасын көрсетеді және жақында болған жайттарға арналады. Кинолентаның кейіпкерлері тек Илья Ильин ғана емес басқа да спорт жұлдыздары болады», - деді Питер Берман.
Режиссердың айтуынша, бүгінде әлемдік спортта бәсеке өте жоғары, тіпті кейде халықаралық ұйымдар, ВАДА антидопингтік компаниясы көптеген жайттарға көз жұмып қарайды.
_zm0c.jpg)
«Мынандай сұрақ туады, кейбір спортшылар неге демікпе ауруына шалдықпаса да, демікпені емдейтін дәрілерді қабылдайды. Кейбір спортшыларға неге психотропты препараттарды қабылдауға рұқсат етіледі, бұл дегеніміз есірткі емес пе. Нәтижесінде әлемнің олимпиада чемпиондары мен рекордшылары ауру адамдар болып шықпай ма. Фильмнің негізгі идеясы осы. Сөз жоқ, фильмде ешкім ешкімді ақтамайды. Фильм әлемдік спорттағы үлкен мәселеге назар аудартуды мақсат етеді», - дейді Берман мырза.
Сондай-ақ ол допинг қолданды деп ондаған мың спортшы айыпталғанын, бірақ олардың ешқайсысы сотта өзінің кінәсіздігін дәлелдей алмағанын айтады, осының өзі қоғамның назарын аудартуға жеткілікті.
Спортшылардың құқығын қорғаушы Питер Берман «Мистер Айкидо», «Нокаут», «Гол», «Бои без правил», «Азиада», «Олимпийцы» секілді картиналарды түсірген. Режиссер уақытша атауы «Триумфатор» фильмін түсіруді жоспарлап жүр.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін