«Green Shoes» Arte Non Stop Festival фестивалінде марапатталды
Ольги Коротьконың «Green Shoes» қысқаметражды фильмі Буэнос-Айресте өткен Arte Non Stop Festival фестивалінде күміс бұтаққа ие болды. Картина «Қазылар алқасының ерекше ықыласына» бөленді.
Arte Non Stop Festival - жыл сайын әлем кинемотографистерінің жұмыстары таныстырылатын кино алаңы. Фестиваль аясында фильмдердің ғана емес, өнер туындыларының көрмелері және лекциялар мен шеберлік кластары өтеді.
«Green Shoes» - ұзақтығы 1,5 минуттық романтикалық комедия. Сценарий авторы және продюсері Ольга Коротько. Басты рөлдерде: Инкар Акчалова және Ерлан Айғожинов. Операторы - Әмина Ерғали, дыбыс режиссеры - Илья Гариев.

Бұған дейін фильм 12 Months Film Festival фестивалінде «Дыбыспен өңделуі ең үздік фильм» деген жүлдені жеңіп алған.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін