Дүбірлетіп қайта оралу
Өткен демалыс күндерінде прокатта үздік көрсеткіш көрсеткен «Джейсон Борн» фильмі. Борн жайлы жаңа фильм 6 533 580 теңге табыс әкелді. Басты рөлді ойнаған Мэтт Деймон атыс-шабыс фильмінің төртінші бөліміне түсуге келісім берді. Оның шарты біреу, фильмнің режиссеры Пол Гринграсс болуы тиіс. Картинаның бюджеті 120 миллион доллар, фильм прокатқа шыққан алғашқы аптада-ақ өзін ақтады: АҚШ-тағы пайдасының өзі 160 миллион доллар болған.
Екінші орында «Полный расколбас» анимациялық комедиясы. Ересектерге арналған мультфильмді түсірген Сет Роген және Эван Голдберг қазақстандық көрерменнен 5 694 010 теңге пайда көрді. Фрэнк атты сосиска жайлы оқиға 2010 жылдан бері әзірленген, ал релизі бірнеше рет ауыстырылды. Осындай жағдайларға қарамастан «+18» категориясындағы анимациәлем бойынша 13 миллион доллар пайда түсірді.

«Бен Гур» фильмінен кадр
Тұсаукесерлік аптасында Тимур Бекмамбетовтың «Бен Гур» тарихи лентасы небәрі 4 867 080 теңге табыс әкелді. Paramount Pictures және MGM фильм кинокомпаниялары продюсерлік еткен картина Штаттарда сәтісіздікке ұшырады. Алайда Бекмамбетовтың жаңа голливудтық жобасы ресейлік прокатта көш бастады, онда 151,3 миллион рубль (шамамен 3 миллион доллар) пайда түсірді.
«Тайная жизнь домашних животных» прокатта бесінші апта қатарынан, бірақ қарқынын азайтуға асығар емес. Осы демалыс күндері көрерменнің сүйікті үй хайуанаттары 3 710 930 теңге. табыс тапты. Illumination Entertainment студиясы шығармашылық демалысқа әзір шықпайды. Шығармашылық топ қазір «Гадкий я 3» анимациялық фильмімен жұмыс істеуде. картина 2017 жылы экранға шығады деп жоспарланып отыр.

«Очень плохие мамочки» фильмінің кадры
Өткен аптада «Очень плохие мамочки» үшінші сатыдан бесінші сатыға жылжып, 2 218 640 теңге қаржы түсірді. Бір қызығы, басты рөлді ойнағандардың шынайы өмірде балалары бар. Комедияның түсірілім кезінде Мила Кунис екінші баласына аяғы ауыр болды.
«Механик: Воскрешение», шамалап айтқанда соңғы миллионын тапса керек – 1 562 860 теңге. Атыс-шабыс фильмінің сюжеті «Профессионал» (2011) фильміне ұқсас, онда да Стэйтемнің персонажы адамды сауатты түрде өлтіруі тиіс.

«Детство лидера» фильмінен кадр
Миллионға жете алмағандар: : «Девять жизней» – 963 000 теңге, «Отряд самоубийц» – 839 000 теңге, «Парни со стволами» – 695 460 теңге, «Не дыши» – 650 400 теңге.
Тұсаукесерлік апта келесі фильмдер үшін сәтсіз болды: «Морган» – 776 700 теңге, «Свет в океане» – 339 000 теңге және «Детство лидера» – 11 100 теңге .






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін