È

«Алау» тобы «Қазақ аруы» сериалына саундтрек жазды

«Алау» тобы «Қазақ аруы» сериалына саундтрек жазды

«Бір тамшы жас» композициясы «Қазақ аруы» сериалының ресми саундтрегі болып бекітілді. Әсерлі әрі ырғақты әнді «Алау» («Өгей жүрек» сериал) орындады. Әннің сөзін жазған ақын Ринат Зайытов.

«Қазақ аруы» көпсериалы фильмі - өз арманы үшін күрескен жетім қыздың оқиғасы. Ата-анасыз ғалған қыз туыстарының үйін паналауға мәжбүр. жеңгесінің түрпегенінен шаршаған қыз әбден мезі болды. бар күш-жігерін жинап, қыз өз тағдырын өзгертпек болады, ол сұлулық байқауына қатысып, бағын сынап көрмек.

Бас кейіпкерді ойнаған жас актриса Гүлзада Тұрлаш. Сондай-ақ көрермен сериалда Тәуекел Мүсілімнің, Кәмшат Жолдыбаеваның, Жұлдыз Өмірғалидың және басқа да акетрлердің актерлық шеберліктеріне баға бере алады.

Фильмнің идея авторы және продюсеры Баян Есентаева. Оның ойынша, бұл сұлулық индустриясы туралы жалғыз жемес. Қоюшы-режиссеры Ернар Нұргалиев, операторы - Шерхан Тансықбаев.

Қазақстандықтар жақында «Хабар» телеарнасынан тамашалай алады.

Сериал саундтрегінің музыкалық клипі желіде жарияланды.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

26 февраля 2017, 14:55

Песня не понравилась, понятно что Есентаева продюсер и саундтрек исполняют ее подопечные. P.S. вижу не прошли мимо моего предложения встраивать видеоклипы

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер