È

«Гудбай, мой бай!» ауқымды экранға шығады

«Гудбай, мой бай!» ауқымды экранға шығады

Режиссер Анвар Матжанов өзінің «Гудбай, мой бай!» атты дебютті толықметражды фильмін таныстырды. Картинаға Бағдат Қожахметов, Сәбит Рахымбаев және Даут Шайхысламов продюсерлік етті.

Ермектің шаңырағы шайқалуға шақ тұр. Әйелі бөлек тұрғысы келеді, ал анасын жалғыз қалдыру дұрыс емес. Ұрысып тынған ерлі-зайыптылар ажырасуды ұйғарады. Ермектің достары жолдастарын қиындықта қалдырып кетпей, түрлі әдіспен көңілін аулауға тырысады.

Комедия «31» арнадан көрсетілген «Үйленгендер» хикаясының спин-оффы болып табылады.

«Гудбай, мой бай!» фильмінен көрініс
«Гудбай, мой бай!» фильмінен көрініс

«Біз фильмді «Үйленгендер» деп атамадық, себебі бұл хикаялық оқиға болғандықтан, оны қайта түсіруді жөн көрдік. Хикаяны барлығы көрген жоқ, сондықтан олар үшін фильм тосын сый іспетті болады. Атауын ұзақ ойладық. Біз қазақша дыбысталатын «бай», «менің күйеуім» сынды сөздері бар атауды ойлап тапқымыз келді, ақыры осындай фильм жарыққа шықты», - деді Сәбит Рахымбаев.

Авторлар егер көрермендердің пікірі жақсы болып жатса, фильмнің жалғасын түсіретіндерін де айта кетті.

Ермектің рөлі Сәбит Рахымбаевқа бұйырды, ал әйелін Нұргүл Алпысбаева сомдады. Сонымен қатар, таспаға Дариға Бадықова, Сабина Саяқова, Нұрдәулет Шертім, Мейіржан Төребаев, Әмина Малғаждар, Әзім Саидбаев, Даут Шайхысламов түсті.

«Гудбай, мой бай!» фильмінен көрініс
«Гудбай, мой бай!» фильмінен көрініс

Дайындық кезеңі екі аптаға созылды, ал түсірілімнің өзі 16 күндей болды.

Режиссердің айтуынша, фильм түсірілім мен актерлік топтардың кәсібилігінің арқасында жылдам түсірілді.

Фильм бюджеті 200 000 долларды құрады.

Көрермендер «Гудбай, мой бай!» фильмін еліміздің барлық кинотеатрынан 22 қарашадан бастап бағалай алады.

Көрсетілім кестесін кинотеатрлар афишасынан табуға болады.

 

Превью: Сабина Саяқованың жеке Instragram парақшасынан

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер