È

Гүлзада Тұрлаш: ««Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының кейіпкерлері - еліктеуге тұрарлық жандар»

Гүлзада Тұрлаш: ««Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясының кейіпкерлері - еліктеуге тұрарлық жандар»

Жақында «Қазақстан» телеарнасынан аттас поэманың желісімен түсірілген «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» хикаясы көрсетіле бастайды. махаббат драмасына жас актриса Гүлзада Тұрлаш («Қазақ аруы») түсті. Бойжеткен Баян Сұлуды сомдады.

«Кастинг жоғары деңгейде өтті. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу рөліне үміткерлер көп жиналды. Бірақ, менің жолым болды, оған өте қуаныштымын. Кейіпкерім - жігерлі мінезі бар батыр қыз. Дегенмен, махаббаттың арқасында нәзік бойжеткенге айналады. Баян Сұлу мен үшін әйел сұлулығының, ақыл мен адалдықтың идеалы. Қазіргі жастар үшін хикая кейіпкерлері еліктеуге тұрарлық жандар деп ойлаймын»,-деді актриса.

Актрисаның түсірілім алаңындағы жұбы «Алау» тобының әншісі Ержан Мұқатаев болды. Әнші батыр Қозының рөлін ойнайды. Картинаға сондай-ақ, Тұрсын Құралиев, Жақсыбек Құрманбеков, Марат Абай-Ділдә және Махаббат Сарқытбаева түсті.

Гүлзада кейіпкері сияқты шынайы махаббат үшін барлығына баратынын жеткізді.

«Махаббат үшін түрлі құрбандыққа барып жатады. Мен де кейіпкерім секілді махаббат үшін ең ауыр сынақтарды өткеретін едім»,-деп қосты актриса.

Сюжет бойынша Қозы Баянға ғашық болады. Алайда, бойжеткеннің әкесі қызын қатал балуан Қодарға беруді ұйғарады. Ғашықтар бақыттары үшін күреседі, бірақ соңы трагедиялық өліммен аяқталады.

Еске сала кетсек, хикая Shine production компаниясымен түсірілді. Жобаның бас продюсері Баян Мақсатқызы (Есентаева) болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса

Гүлшат Ахметова

Актриса