«Алау» тобының әншісі Ержан Мұқатаев «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» хикаясында басты рөлді сомдамақ
Продюсер Баян Есентаева «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» хикаясындағы басты рөлді сомдаушыларды таныстырды. Баян Сұлудың рөлі жас актриса Гүлзада Тұрлашқа бұйырды, ал Қозы Көрпешті «Алау» тобының әншісі Ержан Мұқатаев сомдамақ. Бұл хикая жігіт үшін кинодағы дебюті болса, Гүлзаданың екінші тележобасы. Бойжеткен алғаш рет телевизиялық экранға «Қазақ аруы» хикаясындағы басты кейіпкер Әселдің образында шыққан болатын.
Көпсериялы фильм негізіне Қозы мен Баянның қасіретті махаббатын баяндайтын «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу» халық поэмасы арқау болды. Екі жас кездесіп, бір-бірін ұнатып қалады. Бірақ, ата-аналарының араздығы салдарынан қосыла алмайды. Оқиға соңы барлығына белгілі: ғашығының өлімін естіген Баян өз-өзіне қол жұмсайды.
.jpg)
Суреттер Ержан Мұқатаевтың жеке Instagram парақшасынан алынды
Қазіргі таңда авторлар түсірілімге бүкіл ауылдың декорациясын дайындап жатыр. Есентаеваның айтуынша, 29 қазақ үй тігілді.
Картина түсірілімінің қайта өтетінін, оған кімдердің қатысатынын алдағы уақытта білетін боласыздар.
Хикая «Қазақстан» телеарнасының тапсырысы бойынша түсірілуде.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін