È

Гүлзада Тұрлаш: «Баян мақсатқызының берген бағасы мен үшін бәрінен маңызды»

Гүлзада Тұрлаш: «Баян мақсатқызының берген бағасы мен үшін бәрінен маңызды»

2016жылдың желтоқсанында продюсер Баян Есентаева «Қазақ аруы» сериалының түсіріліміне кірісті. Ұзаққа созылған кастингтен соң басты рөлге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Гүлзада Тұрлаш бекітілді. Жас актриса өзінің кейіпкері жайлы және атақты продюсер Баян Есентаевамен жұмыс істеудің қаншалықты қиын екендігі жайлы әңгімелеп берді.

Жас қыз оқышы кезінен түрлі байқауларға қатысқан екен, физикағеа қызығушылық танытып, халықаралық олипиадаларда жүлделі орындар алған. Алайда шығармашылыққа деген махаббат Гүлзаданың журналистика саласын таңдауына және «Қазақ аруы» сериалына қатысуына себеп болды.

«Кастингтен өтіп, басты рөлді алған соң менде қорқыныш пен толқу болды. Киноға алғаш рет түсіп тұрғандықтан менде қорқыныш басым. Маған түсіністікпен қараған барлық түсірілім тобына алғыс білдіремін. Түсірілім кезінде небір сезімдерді басымнан өткердім: қорқыныш, қуаныш, таң қалу. Баян мақсатқызының кеңестері мені әрдайым қанаттандырды. Мен үшін Баян Мақсатқызының маған берген бағасы бәренен де маңызды», - дейді актриса.

«Қазақ аруы» сериалы Баян Есентаева ұйымдастырған осы аттас сұлулық байқауының экранизациясы.

«Менің кейіпкерім - жан-дүниесі кіршіксіз таза адам. Ол жап-жас қыз, 17 жасында ата-анасынан айырылған. Сценарий бойынша қыз ағасы мен жеңгесінің қолында тұрады. Мұндағы өмірі оңай бомайды. Ол алдына қойған мақсатына жету үшін біраз сынақтардан өтеді» - дейді Гүлзада Тұрлаш.

Қазір актриса ағылшын тілінің курсына және фортепианода ойнау курсына барып жүр. Болашақта Гүлзада өзін тек журналистикада ғана емес, басқа да шығармашылық саласында сынп көрмек.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер