È

Gyeongsang National University оқу орнында «Бүгінгі қазақ киносы» жайлы дәріс оқылды

Gyeongsang National University оқу орнында  «Бүгінгі қазақ киносы» жайлы дәріс оқылды

Кинотанушы Ержан Жұмабеков Gyeongsang National University (Корея Республикасы) оқу орнының студенттеріне «Бүгінгі қазақ киносы» жайлы дәріс оқыды. Дәріс барысында қазіргі қазақ киносының ерекшеліктері мен бағыты, «Партизандық кино» қозғалысы және бүгінгі жас режиссерлардың шығармашылығы жайлы сөз қозғалды.

Тақырыпқа байланысты Халықаралық кинофестивальдердің жүлдегерлері Дархан Төлегеновтың «Таң сәулесінің шапағаты» және Мадина Беспаеваның «Сүйінші!» қысқаметрлі фильмдерінің көрсетілімі болып, студенттер туындыларға қатысты ойларын ортаға салды.

Ол Пусан халықаралық кинофестивалінде тұсауы кесілген «Сталинге сыйлық» (реж. Рүстем Абдарашев) және «Жаңғақ ағашы» (реж. Ерлан Нұрмұхамбетов) фильмдерін ерекше атап өтіп, қазақ киносының бағыты мен жетістіктерін бақылап отырғанын жеткізді.

«Әлемдік киномамандар тарапынан қазақ киносына деген қызығушылық жыл санап артып келеді. Осы ретте, халықаралық кинофестивальде көрініп жүрген отандық фильмдердің рөлі де аз емес. Сонымен қатар, қазақ киносын әлемдік деңгейде таныту, насихаттау мақсатында арнайы дәрістер мен көрсетілімдердің маңызы зор» - дейді Ержан Жұмабеков.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Гулдаурен Жаксыбекова

23 мамыр 2017, 14:12

Ержан агай, Вы молодец. Вы очень талантливый человек вы прославляете всему миру наше казахское кино и культуру. Я очень восхищаюсь вами

Рекомендуем

Мнения

21 желтоқсан, 2019

Bastau IFF: Жаңа буын киносы қандай мәселелерді көтерді?

«Бастау» ХКФ бағдарламасына шолу

Brod.kaz

Мнения

16 Қыркүйек, 2019

«BAIQONYR» Халықаралық кинофестивалі cтуденттер көзқарасымен

Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «кинотану» мамандандыруының 1-курс студенттерінің пікірлері

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер

Жерар Депардье

Актер