È

«Хабар» «Балалар Евровидениесі 2018» қатысушыларын іріктеуді бастады

«Хабар» «Балалар Евровидениесі 2018» қатысушыларын іріктеуді бастады

«Хабар» агенттігі Junior Eurovision Song Contest («Балалар Евровидениесі») Халықаралық ән байқауының республикалық іріктеу кезеңінің басталғанын хабарлады. Байқаудың 15 жылдың тарихында Қазақстан алғаш рет қатысып отыр.

Байқауға қатысуға 9-14 жас аралығындағы орындаушылар және 6 адамға дейінгі ұжымдар шақырылады. Өтінімді сайтқа жолдау қажет. Өзі туралы мәліметпен қоса, әнді, суретті, туу туралы куәліктің сканерленген көшірмесін, қатысуға ата-анасының/күтушісінің рұқсаты, сонымен қатар әннің авторлығы жайлы өтініш жіберілуі тиіс. Өтініштер биылғы жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.

7 қыркүйек күні екінші кезеңге өткен байқауға қатысушылардың есімдері жарияланады. 22 қыркүйекте қатысушылар гала-концертте өнер көрсетеді. Жеңімпаз көрермендердің дауыс беруі арқылы анықталады. Сол жеңімпаз Қазақстанды 2018 жылдың 25 қарашасында Беларусьтің Минск қаласында өтетін Junior Eurovision Song Contest финалында таныстырады.

Фото junioreurovision.tv 2017
Фото junioreurovision.tv 2017

Орындаушыны финалға «Хабар» агенттігі дайындайды. Сондай-ақ, ән байқауының Қазақстан аумағындағы көрсетілімі «Хабар» телеарнасынан өтеді.

Junior Eurovision Song Contest – жыл сайынғы телевизиялық балалар ән байқауы. Байқауға барлығы 19 ел қатысады. Қазақстан мен Уэльс үшін биылғы жыл жобадағы дебют болмақ. «Хабар» агенттігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап байқауды ұйымдастыратын Еуропалық хабар тарату одағының (EBU) ассоциациялық мүшесі атанды, сондықтан мемлекетіміздің атынан үміткерді қатыстыруға мүмкіндік алды.

 

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер