È

«Хабар» «Уақыт» хикаясын шығармақ

«Хабар» «Уақыт» хикаясын шығармақ

Алдағы көктемде «Хабар» телеарнасы экранға «Уақыт» хикаясын шығармақ ниетте. Көпсериялы фильм дәрігерлер қауіпті диагноз қойған төрт жігіт жайлы баяндайды.

Сюжетте Жасұлан, Мақсат, Давид пен Руслан бір емханада емделіп жатады. Бір кезде жігіттердің аз ғана өмірі қалғанын хабарлайды. Кейіпкерлер күйзеліп жүрген кезде, белді бір кісіден жақсы ұсыныс түседі, олар өмірлерінің соңғы уақытында жақсылық жасап, қомақты қаражат таба алады. Бастысы, жауапкершіліктен қашқан қылмыскерлер мен жемқорларды жазалау керек. Кейіпкерлер қауіпті ойынға еніп кететіндерін білместен, келісімдерін береді.

«Уақыт» хикаясының түсірілімінен сурет

Жобаның режиссері әрі рөлдердің бірін сомдаушы - Дмитрий Қырықбаев. «Уақыт» хикаясы қоюшының алғашқы комедиялық емес жобасы болды. Бұрын ол «Ауылдастар» ситкомының екі маусымын түсірген еді.

Көрермендер хикаядан Нұржан Әуезханды, Ринат Маделинді және Владимир Кащенконы көре алады. Жан Байжанбаев пен Әзиз Бейшеналиев ерекше образдарымен таң қалдырмақ.

Хикая сценарийін Мейірхан Шерниязов пен Мейіржан Төребаев жазды.

«Уақыт» 2016 жылдың соңында Алматыда түсірілді.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса

Нұрлан Әлімжанов

Актер