È

«Хабар» «Сырластар» хикаясын көрсете бастады

«Хабар» «Сырластар» хикаясын көрсете бастады

«Хабар» телеарнасында «Сырластар» хикаясының көрсетілімі басталды. 12 бөлімнен тұратын фильм әйелдер достығының құпиясын ашады.

Сюжетте үш құрбы: Сәуле, Інжу және Құралай. Біріншісі тұрмысқа шығуды армандайды, екіншісі отбасын сақтап қалуға тырысады, ал үшіншісі Желіде блог жазумен айналысады. Түрлі мінездер мен тағдырға қарамастан, кейіпкерлер бірігіп, қиындықтарға қарсы күреседі.

Көпсериялы таспаға театр және кино актрисалары Гүлдария Дүйсенова, Нұргүл Мыңғатова, Лейла Тілеуова және Тынышкүл Сұлтанбердиева түсті.

Хикая режиссері - Еділхан Төлешев. Телехикаяның қоюшы-операторы - Дильшат Иминов, қоюшы-суретшісі - Нұрболат Жапақов. Жоба продюсері - Дана Дәстем.

Фильм түсірілімі 2017 жылдың қарашасында болған. Хикаяны «Супераналар» уақытша атауымен Zoom production компаниясы «Хабар» агенттігінің тапсырысымен түсірген.

«Cырластар» эфирге жұмыс күндері сағат 15:45 –те шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист