«Хабар» «Бөрі» қылмыстық хикаясын көрсетіп жатыр

14 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасынан режиссер Дмитрий Қырықбаевтың «Бөрі» көпбөлімді фильм көрсетіле бастады. Бас продюсері – Ақылбек Досжанов.
Офицер Тимур Халибековтың көлігімен әйелі жол апатына түсіп, қайтыс болады. Тимур мұның әдейі ойластырылғанына және өзі тергеп жатқан іске қатысы барына күмәнданады. Шындықты білу үшін офицер тергеу жүргізе бастайды, бірақ аяқ астынан оны бастық жұмыстан шығарып, бар міндетінен айырады. Бір күні барлығын жоғалттым деп ойлаған шағында бұрынғы бастығы Тимурды қайтадан қызметіне орналастырады. Енді басты кейіпкер әйелінің өлімінің құпиясын зерттеп, басты дұшпанын анықтауға кіріседі.

Офицер Тимурды актер Асан Мәжит сомдады. Бастығының рөлі Әзиз Бейшеналиевке бұйырды. Басты кейіпкердің әйелін Мадина Келгенбай сомдады. Сондай-ақ, хикаяда Мақсат Жақып, Нұржан Әуезхан ойнайды.
Жобамен қоюшы-оператор Кирил Удалов және қоюшы-суретші Ешембек Рауан айналысты.
Көпбөлімді драманың түсірілімі Алматыда биылғы мамырда басталып, шілденің соңында аяқталды.
«Бөрі» «Хабар» телеарнасынан жұмыс күндері Астана уақытымен сағат 19:15-те көрсетіліп жатыр.
Превью: «Хабар»
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін