È

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих»: Шалғайдағы Галактика батыры

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих»: Шалғайдағы Галактика батыры

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» картинасы белгілі жұлдыздармен қатар, жас актерлардан құралған жарқын актерлік құрамды ұсынады.

Картина авторлары Хан Соло рөлін сомдайтын актерді таңдағанда біраз қиналған екен. Продюсер Кэтлин Кеннеди былай дейді: «Харрисон Фордтың ерекше болғаны соншалық, және бұл кейіпкерді ол ұзақ жылдар бойы ойнағандықтан, соған ұқсайтын адамды көрдік. Алайда, біз Харрисонның егізін іздеуге тырыспадық, біз оған және Хан Солоны көшіретін актер қажет емес еді. Бізге Хан Солоны тартымды қылатын қасиеттерді бере білетін актер керек болды».

Олден Эренрайк сынамадан алғашқылардың бірі болып өткен актер болды. Ол көпшілікке аса танымал емес еді, дегенмен «Жасасын, Цезарь!», «Жасмин» және «Ережеден тыс» картиналарындағы тамаша жұмысынан соң, картина авторларының да, сыншылардың да қызығушылығын тудырды.

Режиссер Рон Ховард жұлдызын былай сипаттайды: «Олден ойшыл, ол нағыз әртіс және жұмысына берілген жан. Ол бұл кейіпкерді сомдау барысында Харрисонды көшірмей, өз бетінше көп еңбек етті, Харрисон мен Хан Соло арасындағы байланысты түсінуге тырысты, осы кейіпкермен өзін байланыстыратын жеке сезімін іске қосты».

«Жұлдыздар соғысы» аңызының үлкен жанкүйері бола тұра, Эренрайк бұл рөлге ие болғанда қатты қуанды. «Осындай тарихы бар франшизаның бір бөлігі болу, оның үстіне «Жұлдыздар соғысы» әлемінің көп қырлы кейіпкерін сомдау ерекше құрмет».

«Хан Соло: Жұлдыздар соғысы. Тарих» Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 2018 жылдың 24 мамырында айналымға шығады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер