È

Ильхам Джалилов «Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда» фильмін ұсынды

Ильхам Джалилов «Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда» фильмін ұсынды

Алматыда Chaplin cinema кинотеатрында «Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда» фильмінің тұсаукесерлі көрсетілімі өтті. Картинаның режиссері әрі бас продюсері - Ильхам Джалилов.

Сюжетте Шыңғыс ханның қызы Жанна суреттеледі, ол аяқ астынан 21 ғасырға, Алматыға тап болады. Өзінің қылықтарымен айналадағы адамдарды таң қалдырған бойжеткен «Инстаграм аруы» болуды мақсат тұтқан Диананы жолықтырады. Ол өз мақсатына жету үшін Жаннаны пайдаланады, бірақ ең соңында арманындағы тәжді иелене ала ма?

Фильмдегі негізгі рөлдерді Әлия Телебарисова, Яна Бобрыка, Ерден Телемісов, Вахид Изимов, Төлепберген Байсақалов сомдады. Шыңғыс ханның қызын Ақниет Орынтай сомдады, ол кастингте 846 үміткерді басып озып, осы рөлге ие болған.

Комедия Парижде (Франция), Астанада, Қапшағай мен Алматыда түсірілді.

Instagram-дағы doch_chingis_hana парақшасынан
Instagram-дағы doch_chingis_hana парақшасынан

«Бұл идея бірнеше жыл бұрын туындаған. Біз ерекшелікті аңсадық. Қазір барлығы келін, ене мен той туралы бірдей фильмдер түсіріп жатыр. Мен әрине, бұған еш қарсылығым жоқ. Тек көрермендердің той секілді тақырыптардан бөлек, өзге нәрсені аңсайтын күннің туатынына сенемін», - деді режиссер.

Толық метр бюджетін Ильхам Джалилов құпия сақтауды жөн санады.

«Түсірілім барысында өте қызықты жағдайлар болды. Мысалы, Ақниет Парижде тарихи костюммен жүрді, барлық еуропалықтар бізге таңданыспен қарап, суретке түсіп жатты», - деп бөлісті Яна Бобрыка.

Instagram-дағы doch_chingis_hana парақшасынан
Instagram-дағы doch_chingis_hana парақшасынан

Сонымен қатар, авторлар картина жалғасының болатынын да айта кетті, оның сюжеті әйгілі Шыңғыс ханның басқарған кезін сипаттамақ.

Сондай-ақ, таспамен қоюшы-операторлар Қазбек Әмержанов және Влад Зажерило айналысты. Сценарийін Валерия Ивановская, Ильхам Джалилов және Яна Бобрыка жазды.

«Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда» фильмі 8 қарашадан бастап ауқымды айналымға шығады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

13 қараша 2018, 00:13

новый тезис

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер