Оралманның оқиғасы жақында кинода
«Оралман из Питера» музыкалық, авантюралық комедиясының түсірілімі де аяқталуға таяу. Бас продюсері Арман Дүйсенов. Режиссеры жас клипмейкер – Әлен Ниязбеков. Екеуі үшін де бұл - үлкен кинодағы дебюті.
Басты рөлдерде Динара Бақтыбаева, Дәурен Айдарқұлов, Қуандық Шәкіржанов, Дина Тасболатова және Асан Мәжит.
Түсірілім туралы Дина Тасболатова әңгімелеп берді, ол фильмде Жадыра есімді кейіпкерді ойнаған болатын.
-
«Фильмде басты кейіпкер екеу – Аружан және Жадыра, Аружан – ата-анасының айтқанынан шықпайтын өте тәрбиелі қыз, классикалық персонаж. Жадыра – Аружанға қарама-қайшы образ. Актерлерді іріктеу үшін өткзілген сынаққа келгенімде мен нәзік, әдепті қыз болып көрінуге тырысқан жоқпын, әдеттегідей өзім ұнататын кэжуал стилінде келдім, шашым бұйра, аксессуарларым ашық түсті. Менің образым кастинг-директор мен и режиссерға ұнады, нәтижесінде осы эленменттер кейіпкердің образына енгізілді», - дейді Дина.
Сюжет бойынша «Jingle» тобы жүлде қоры 100 мың долларлық музыкалық байқауға қатысады. Жадыра – музыканттардың продюсері, оларға идеяны жүзеге асыруға көмектеседі.

«Маған ұнағаны, менің қозғалыстарымның бәрі еркін болды. Маған іс-қимылдар мен фразалар қосуыма мүмкіндік берілді. Сондай-ақ қазақ тілі мен орыс тілінде араластырып сөйлеуге рұқсат етілді. Негізінде картиналар бір тілде түсіріледі ғой, ал шынайы өмірде біз сөз арасында басқа тілдің сөздерін қосып сөйлейміз», - дейді актриса.
Бұған дейін Динара Бақтыбаева мен Дина Тасболатова бір түсірілім алаңында кездескен емес,бірақ бірлесіп жұмыс істегенге дейін де бір-бірімен жақсы таныс.

«Мен Динараны «Қыз бен жігіт» фильмінен кейін білдім. «Нархоз» сериалында маған басты рөлді ұсынды, бірақ түсірілімге дейінгі дайындық кезеңі созылып кетті, сондықтан мен басқа жобаның түсіріліміне кетіп қалдым», - дейді Дина.
Динаның жоспарында ресейлік тарихи жобаға қатысу. «Жібек» сериалының жалғасы түсіріле ме және ол сериалдың екінші маусымына қатыса ма, бұл туралы актриса әзірге хабарсыз.
Тақырып бойынша:
«Оралман из Питера» фильмінен фоторепаортаж






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін