È

Тарихи тұлғалар

тарихи тұлғалар

Астанада мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халықпен кездесті. Кездесу барысында таяуда түрік ғұламасы Қожа Ахмет Яссауи туралы фильм түсірілетінін айтты. Министрдің айтуынша, осындай белгілі тұлғаның өмірі мен шығармашылығы экранда көрініс табу керек.

Қожа Ахмет Яссауи - XII ғасырдағы дін қайраткері, ол Қазақстанда діннің таралуына мұрындық болған. Испиджаб қаласының тумасы өз заманында дарынды ақын, философ болған. Аңыздапрдың бірінде Яссауи Жаратқанға құлшылық ету үшін жер астындағы арнайы бөлмеде өмір сүріп, сол жерде о дүниелік болған.

Кездесу кезінде Марко Поло жайлы фильм де сөз болды. ҚазНИИ директоры Андрей Хазбулатовтың айтуынша, италиялықтың Орталық Азияға жасаған саяхаты қызығушылық тудырады.

Марко Поло

Естеріңізге сала кетейік, Марко Поло - XIII ғасырдағы венециялық саудагер, ол Венециядан Қытайға сапар шеккен. Осы сапардан кейін ол "Книга о разнообразии мира" кітап жазған, өз кітабында ол қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті туралы да жазды.

Қазіргі кезде италия телерадиокомпаниясымен, қытайлықтармен серіктестік жөніндегі келіссөздер жүргізілуде. Кинолента Санкт-Петербург киностудиясымен бірлесіп түсіріледі. Түсірілім алдағы екі жыл бойы жүргізіледі.

Кездесу соңында Арыстанбек Мұхамедиұлы киноның сәтті шыққаны жөнінде әлемдік прокатқа шыққанан кейін айтармыз деп қорытындылады.

Әйгерім Қаскыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер