È

«Қазақ елі. Алмас қылыш» фильмінің шығатын уақыты белгілі болды

 «Қазақ елі. Алмас қылыш» фильмінің шығатын уақыты белгілі болды

5 қаңтарда отандық прокатқа «Қазақ елі. Алмас қылыш» сериалы шығады. Киножобаның режиссеры Рүстем Әбдрашев («Сталинге сыйлық», «Балалық шағымның аспаны»), продюсері Арман Асенов («В ожидании моря», «Беглецы»).

«Қазақ елі. Алмас қылыш» фильмінің сценарийін кинодраматург Смағұл Елеубаев пен Тимур Жақсылықов. Авторлар Ільяс Есенберлиннің трилогиясының бірінші бөлімі «Көшпенділер» - «Алмас ұылыш» романдарын негізге ала отырып сценарий жазды. Сюжет бойынша оқиға 1465 жылды Керей мен Жәнібек сұлтанның жаңа мемлекет Қазақ хандығын құрған уақытын қамтиды.

Картина Нұрсұлтана Назарбаевтың мұрындық болуымен Қазақ андығының 550 жылдығына орай түсірілді. Түсірілім Алматы облысында және «Қазақфильм» киностудиясының аумағында өтті. «Қазақ елі. Алмас қылыш» фильміне Еркебұлан Дайыров, Қарлығаш Мұхамеджанова, Кайрат Кемалов, Аян Өтепбергенов, Доқхан Жолжақсынов, Іңкар Әбдраш, Асан Мажит және басқалар түсті.

Тарихи картина «Қазақ елі. Алмас қылыш» ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бөлген қаржыға және Freedom Finance ресейлік тәуелсіз компаниясы краудфандинг әділісімен жинаған қаржыға түсірілді .

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер

Александр Рубанов

Қоюшы-оператор