È

Қайрат Нұртастың «Арман» атты фильмінің шығу күні белгілі болды

Қайрат Нұртастың қатысуындағы «Арман» фильмінің шығу күні белгілі болды. Қазақстан киносы

12 қазан күні айналымға Қайрат Нұртастың қатысуындағы «Арман» фильмі жарыққа шығады. Тұсаукесер қарсаңында отандастарымызға кинотаспаның постері ұсынылды.

«Арман» фильмі – Арман есімді бойжеткен мен жігіті екеуінің арасында өрбитін драмалық оқиға. Ғашықтар ұлан-асыр тойға дайындалып жүреді, бірақ той қарсаңында Арман зорлық-зомбылыққа тап болады. Бір ғана оқиға жастардың өміріне балта шабады, осы кезде кек алу мақсаты пайда болады.

Басты кейіпкерлерді қазақ эстрадасындағы танымал әнші Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімова сомдайды. Айта кету керек, Жұлдыз Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның түлегі болып табылады.

Фильм режиссері - Рашид Сүлейменов, ол «Үйге қайтар жол», «Сырғалым» және «Жүрегім менің - Астана» сынды картиналарды түсірген. Отандық жаңа киноның продюсері – Гүлзира Айдарбекова. Фильм «Қалыңдық» уақытша атауымен түсірілген.

Еске сала кетсек, Қайрат «Арман» арқылы киноэкранда алғаш рет көрініп отырған жоқ. Бұрын ол актерлік шеберлігін «Өкініш» пен «Тағдыр» фильмдерінде көрсеткен болатын.

Қайрат Нұртас көрермендерді таң қалдыра алды ма? Бұл сұрақтың жауабын жақын арада білетін боламыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер