È

Кайрат Нуртас «Қалыңдық» атты жаңа фильмін түсіреді

Кайрат Нуртас «Қалыңдық» атты жаңа фильмін түсіреді

Танымал әнші Қайрат Нұртас жаңа толықметражды фильмнің түсірілімін бастап кетті. «Қалыңдық» атты картинаның түсірілімі туралы продюсер Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Бүгін фильм түсірілімнің алғашқы күні. Бұл туындыға тынымсыз атсалысып жатқан барша түсірілім тобына сәттілік тілеймін. Біздің барлық жаңа бастамамыз тек қуаныш әкелсін, ал сіздердің жүректен шыққан тілектеріңізді Алла қабыл етсін!»,-деп жазды өз парақшасына.

Қайрат Нұртас өзінің романтикалық комедиясын түсіретіні жайлы өткен жылы хабарлаған. Сол кезде өзін қайтадан режиссер әрі актер ретінде сынамақ екендігін де баса айтқан болатын.

Әзірге актерлік құрам мен түсірілім тобы туралы ештеңе айтыла қойған жоқ. Дегенмен, түсірілімге актерлар Шадияр Абдуллаев пен Дархан Манақов қатысатыны белгілі болды.

Еске сала кетсек, 2013 жылдың сәуір айында әншінің «Өкініш» атты бірінші фильмі үлкен экранға жол тартқан еді. Сюжет желісі бойынша картинада жұлдыздың өмірі мен өнердегі жетістігі баяндалған. Драмада Қайрат Айдарбеков өзін-өзі сомдаған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

7 апреля 2017, 22:25

Певец из него конечно хороший, жаль нельзя сказать тоже самое и про его фильмы

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса