È

«Адуынды әйелдің күнделігі» комедиясының шығу күні белгілі болды

«Адуынды әйелдің күнделігі» комедиясының шығу күні белгілі болды

2018 жылдың 18 қазанында ауқымды айналымға «Адуынды әйелдің күнделігі» толықметражды комедиясы шығады. Отандастарымыз басты рөлдерден танымал блогер Нұрлан Батыровты және басқа да белгілі тұлғаларды көре алады.

«Адуынды әйелдің күнделігі» картинасы Инстаграм жұлдызы - Адуынды әйел жайлы баяндайды. Картина түсірілімі биылғы ақпанда басталып, сәуірде аяқталған.

Фильм Алматыда Ирина Ажмұхамедова, Ерден Телемісов, Айжан Байзақова, Біржан Әшім, Динара Бақтыбаева және Жания Джуринскаяның қатысуымен түсірілді.

Фильм идеясы Нұрлан Батыровқа тиесілі. Блогер әрі актерға жобаны жасауға сценарист, киносыншы Кәрім Қадырбаев пен продюсер Алмагүл Тілеуханова көмектесті. Картина режиссері Еділ Амандықов болды.

Айта кету керек, Нұрлан Батыров үшін «Адуынды әйелдің күнделігі» - үшінші киножоба. Бұрын ол «Мұрагерлікке қалған махаббат» фильміндегі басты рөлдердің бірін сомдаған және «Көрініс» триллеріне режиссерлік еткен.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер