È

Үнді киносын Қазақстанда қалай түсірді

Үнді киносын Қазақстанда қалай түсірді

Мамыр айының ортасында үнді режиссері Джея Би түсірілім тобымен Қазақстанға келді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және Астана, Алматы мен Алматы облысы әкімшілігінің келісімімен «R.J. Cinemas» үнді продюсерлік орталығы және «Tilman Production» Қазақстан орталығы «Махаббат уақыты» (Vaishakham) романтикалық фильмінің түсірілімін бастады. Туындының бас продюсері – кино өндіруден әлемдік рекорд орнатқан Аппарат Раджу. Ол 900-ден астам картина түсірген. Атқарушы продюсері – 96 елде түсірілімге қатысқан Прабхакар Рао. Режиссері әрі директоры - Джея Бойидапу, ол телегу тілінде (Үндістан диалектінің бірі) танымал 7 фильм түсірген.

Қазақстандық жергілікті атқарушы әрі ассоциативті продюсері Тильман болды, ол «Бродвей» редакциясына үнді әріптестерімен серіктестігі жайында айтып берді:

«Махаббат уақыты» фильмінің түсірілімі

-Барлығы өте жақсы өтті: кастинг те, түсірілім де. Ешқандай қиындықтар туындаған жоқ. Керісінше, Мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы облысы әкімшілігі қолдау көрсетті. Оларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

-Түсірілімге қазақстандық кинематографтар қатысты ма?

- Өкіншіке қарай, қатыспады. Өйткені, дайын топ келген еді. Қазақстандықтардан тек Айнұрдың «Чамели» ансамблі және еріктілер тобы болды. Негізінде, біздің тарапымыздан қолдаушы және техникалық топтар қызмет етті.

-Айтыңызшы, түсірілім барысында есіңізде ең ұзақ сақталғаны не болды?

-Түсірілім кезінде көкнәр даласына жергілікті тұрғындар шелпек, бауырсақ, самса әкеп берді. Барлығына жергілікті дәмдер қатты ұнады. Шарын шатқалында да мынадай жағдай болған: мен ауыз суды қолыма құйып жатқанда, түсірілімге қатысушылар қолдарын менің қолымның астына тосқан. Үндістанда суды қатты құрмет тұтады, оны босқа ысырып ету оларда жоқ екен.

-Үнділік түсірілім тобы біздің еліміз туралы қандай пікірде болды, қалай ойлайсыз?

- Оларға өте ұнады деп ойлаймын. Барлығы өздерінің әсерлерімен бөлісті. Әсіресе, Астана заманауи архитектурасымен ерекше әсер еткен. Джея Биге Алматы жақты. Оларға Қазақстандықтар да ұнады, қонақтардың айтуынша, біз әдемі, жайдары, көпшіл халық екенбіз. Енді басқа да жобаларды түсіруге құлшыныс артты.

-Сіз үшін үнділік әріптестермен жұмыс істеген қалай болды?

- Маған сөзсіз ұнады. Мұндай серіктестікті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көптеген жаңа әсерлерге бөлендім. Өзім осы жобаның арқасында алғаш рет Шарын шатқалында болып қайттым.

- Үнді тобымен жұмыс істеудің ерекшеліктерін атап өтсеңіз?

- Олар қырсық емес, жұмысты жақсы көреді. Суықта да, ыстықта да жұмыс істеуден шаршамайды. Олар кәсіби мамандар.

- «R.J. Cinemas» орталығымен одан әрі серіктестік орнату жоспарланып жатқан жоқ па?

- Алыдмызда екі жобамыз бар. Оның бірі Алпысбай Шымырбаевтың «Окольцованный лебедь» туындысы, мен қоюшы-режиссері, қосалқы сценаристі әрі продюсері боламын. Қазіргі таңда «Махаббат уақыты» жобасына қатысты серіктестік жүргізілуде. Біз фильмді тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдеріне де шығаруды көздеп отырмыз. Егер мүмкін болып жатса, шетелге де таныстырамыз деп ойлаймын.

Естеріңізге сала кетсек, түсірілім жұмыстары 14-25 мамыр аралығында өтті. Осы кезеңдерде үнді кинематографтары «Думан» океанариумы жанында, Бейбітшілік пен келісім сарайында, «Қазақ елі» монументінің маңында, «Хан Шатыр» ОСО-да және «Астана Арена» стадионында көріністерді түсіріп үлгерді. Алматы облысында Көк-Тобе саябағын, Мәдениет және демалыс орталық саябағын, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағын, Шарын шатқалы мен көкнәр даласын түсірді.

Әйгерім Қасқыр

Фото: el.kz

Тақырып бойынша:

Үнді туындысын Қазақстанда түсіріп жатыр

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Іңкәр Әбдіраш

Актриса

Рүстем Әбдірашев

Қоюшы-режиссер