È

Кәмшат Жолдыбаева «Аға ма әлде неке ме?» фильміне саундтрек жазды

Кәмшат Жолдыбаева «Аға ма әлде неке ме?» фильміне саундтрек жазды

Әнші Кәмшат Жолдыбаева «Аға ма әлде неке ме?» фильміне саундтрек жазды, картинаның тұсаукесері 26 қазанда болады. Комедиялық таспаның музыкалық әрлеуі «Тағы да сүй» әні болды. Әсерлі шығармамен композитор Ренат Гайсин мен Кәмшат Жолдыбаева айналысты.

«Аға ма әлде неке ме?» фильмі үйленуге ұсыныс жасауға дайындалып жүрген Айдардың оқиғасын баяндайды. Таңдаған ғашығы Гаухардың сезіміне сенген жігіт «жоқ» деген жауап аламын деп ойламаған еді. Кейіннен, бойжеткеннің туыстарынан қорқатыны белгілі болады. Ғашығының келісімін алу үшін Айдар қыздың ағаларының сеніміне кіруі тиіс.

«Тағы да сүй» бейнебаянынан көрініс

Бейнебаянның түсірілімі қыркүйекте болған. Музыкалық бейненің жарыққа шығуына режиссер Әлішер Утев пен қоюшы-оператор Шерхан Таңсықбаев атсалысты. Сондай-ақ, түсірілімге қоюшы-суретші Бекен Нарбаев пен костюм бойынша суретші Әйгерім Жұмабекова қатысты.

Айта кету керек, Кәмшат Жолдыбаева кинотаспаға алғаш рет саундтрек жазып отыр. Бұрын мұндай жобаларға актриса ретінде қатысып жүретін.

Еске сала кетсек, «Аға ма әлде неке ме?» Corich production продюсерлік орталығымен түсірілді. Фильмнің режиссері - Ернар Нұрғалиев.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса