È

Қанағат Мұстафин желтоқсанда «Телепорттың» екінші маусымын таныстырады

Қанағат Мұстафин желтоқсанда «Телепорттың» екінші маусымын таныстырады

Осы қыста қазақстандық көрермендердің іші пыспайтын болады, себебі «НТК» арнасынан режиссер Қанағат Мұстафиннің «Телепорт» атты көпбөлімді фильмінің жалғасы көрсетіледі.

Сюжетте 3 курс студенті Айнұр суреттеледі, ол жарқын әрі алаңсыз өмір сүріп жүреді. Бірақ, бір күні жайсыз жағдай кейіпкердің тынышын бұзады да, оны ақылға сыймайтын жағдайлардың бөлігіне айналдырады. Енді ол күндіз заманауи өмір сүреді, ал түнде орта ғасырлық Отырарға тап болады, ол жақта Отырардың билеушісі Қайырхан монғол елшілерін дарға аспақ болады. Айнұр бұл қайғылы жағдайды естіп, оған кедергі келтіруге тырысады.

«Екінші маусым біріншісінен өзгерек болады, тіпті актерлік құрам да толықтай өзгерді, бірақ хикаяның негізгі концепциясы өзгерусіз қалды. Егер бірінші бөлімде сюжет XIV ғасырда өрбісе, бұл жолы кейіпкер XIII ғасырға тап болады», - деді режиссер.

Айнұр рөлін Жазира Еркін сомдады. Қайырханды Болат Әбділманов ойнады. Монғол елшісін Мирас Исаев бейнеледі. Каражанды Дәстен Шәкіров таспалайды.

Сонымен қатар, көрермендер хикаядан Фархат Әбдірайымовты, Гүлшат Тұтованы, Жанель Серғазинаны, Бақыт Тушаевты, Бақытжан Әлпейісовті, Аида Жантілеуованы, Константин Козловты, Шынар Жанысбекованы көре алады.

Көпбөлімді картина 25 күннің ішінде Алматы облысы, Шарын шатқалы, Айғай құм, Көшпенді қорғаны сынды көрнекті жерлерде түсірілді.

«Телепорт 2» фильміне Алмас Әлімжанов продюсерлік етті. Сценарийін Қанағат Мұстафин, Жанат Қасабеков жазды.

Режиссердің айтуынша, кеше хикаяның монтажы аяқталды, ал осы желтоқсанда көрермендер «Телепорттың» екінші маусымын бағалайтын болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер