È

Қанағат Мұстафин «Мұражайдағы практиканттар» хикаясының түсірілімін аяқтады

Қанағат Мұстафин «Мұражайдағы практиканттар» хикаясының түсірілімін аяқтады

Режиссер Қанағат Мұстафин («Ең сұлу қыз») «Ректор» хикаясының түсірілімін аяқтады. Көпсериялы таспаның «Мұражайдағы практиканттар» деген уақытша атауы болған.

«Ректор» хикаясы – Ұлттық мұражайда тәжірибеден өтіп жүрген студенттер туралы хикая. Балалар мәдениеттің көне ескерткіштерін және ата-бабаларының ерекше әлемін зерттеп қана қоймай, қызықты оқиғалардың куәсі атанады.

Авторлардың айтуынша, хикая көрермендерге ұнауы тиіс.

«Ректор» хикаясының түсірілімінен сурет
«Ректор» хикаясының түсірілімінен сурет

Шытырман оқиғалы таспаның кейіпкерлерін жас актерлар: Нұрсұлтан Сыдық, Әсел Нұртазина, Данияр Оразаев, Таңсұлу Баталова және Жұлдыз Ерболат сомдады. Сондай-ақ, түсірілімге Айгүл Иманбаева, Әсел Акбар және Ғани Құлжанов қатысты.

«Ректордың» түсірілімі Астанада өтті. Картина өндірісімен Aray Media Group компаниясы айналысты. Жобаның бас продюсері - Алмас Әлімжанов.

Хикая «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің тапсырысымен түсірілді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса